«Мені қорқытып жатыр»: Белгісіз біреулер Мақпал Жүнісоваға ескерту жасады

Жаңалықтар
view 196
news

Фотосурет: видеодан скриншот

Қазақстанның Халық әртісі, белгілі әнші Мақпал Жүнісова өзін белгісіз біреудің қорқытып жатқанын айтты. Өнер иесінің сөзінше, әлдекім оның Астанада тұратын әпкесіне хат жолдаған, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Politico.kz-ке сілтеме жасап.

Хатта Мақпал Жүнісованың үш жылдан бері үйіндегі газ ақысын төлемей жүргені жазылған. Автор өзін газ қызметінің өкілі ретінде таныстырып, қарыз бүгін өтелмесе, газ өшірілетінін ескерткен. 

«Жүнісова Мақпал ханымға айтыңыз, үш жылдан бері төленбеген қарызы бар. Қызына бірнеше рет айтылды, өзі бізді бұғаттаған. Бүгін төлемесе, ертең газды өшіреміз. Соңғы ескерту», – делінген хатта.

Алайда әнші бұл ақпаратты жоққа шығарып, ешқашан қарыз болмағанын мәлімдеді.

«Бұл қай қазақ мені қорқытып жүрген? Ешқашан қарызға батпаған адаммын. Астанадағы әпкеме хабарласыпты», – деді Мақпал Жүнісова.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *