Меркель Ресей туралы күтпеген мәлімдеме жасады
© AP Photo / Michael Kappeler Германияның бұрынғы канцлері Ангела Меркель. Мұрағаттық фото
Германияның бұрынғы канцлері Ангела Меркель Berliner Zeitung газетіне берген сұхбатында Ресейді қуатты мемлекет деп атап, оның АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың таңданысын тудыратынын айтты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі ria.ru агенттігіне сілтеме жасап.
"Ресей – орасан зор ел, мол табиғи ресурстарға ие, қуатты ядролық держава және билігі мықты президенті бар. Осындай елдің Дональд Трамп сияқты біреудің таңданысын туғызатыны анық", – деді Меркель.
Алайда оның пікірінше, бұл Вашингтонның Мәскеуге қандай да бір жеңілдіктер жасайтынын білдірмейді. Экс-канцлер АҚШ президентінің ең алдымен өз елінің мүдделерін көздейтінін, сондай-ақ оның "Американы қайтадан ұлы мемлекетке айналдырамыз" деген ұранын еске салды.
Сонымен қатар, ол Ресейдің мүдделерін талқылаудың қажеттілігін атап өтті.
Пікірлер (0)