Мерзімді ашығудың пайдасы

Жаңалықтар
view 684
news

«Аштық пен суық ауа – ұзақ өмір сүрудің кепілі» дейді жапондық ғалым Нагумо. Ашығу – генімізде сақталып қалған қалыпты құбылыс. Сіз біраз уақыт тамақ ішпеген кезде ағзаңызда біршама өзгерістер жүреді. дам сырттан тамақ қабылдамаған кезде, дене өзінің ішкі қорларын пайдалана бастайды. Яғни, ішкі (эндогендік) тамақтан жалғасады. Адам ағзасында зиянды заттарды жоюға жауапты төрт орган бар: ішек, бүйрек, өкпе және тері. Бұл органдар жақсы жұмыс істеуі үшін дененің жоғары әлеуеті, яғни, энергетикалық мүмкіндіктері болуы керек. Осындайда Бенджаминнің «Аз тамақтаныңыз – ұзақ өмір сүріңіз» деген сөзі еске оралады.  Ауру – сіздің ағзаңыздың улы заттар мен ішкі уларға толы екенін көрсетеді. Ал ашығу арқылы сіз ағзаңызда жиналған уларды кетіресіз. Сонымен, ашыққан кезде ағзада қандай өзгерістер жүреді? Инсулин деңгейі өзгереді. Қандағы инсулин деңгейі айтарлықтай төмендейді, бұл дененің артық майдан арылуына әкеледі. Бета-HBA, негізгі кетон, глюкозаға қарағанда АТФ энергиясын тиімдірек шығаратын супер отын екендігі көрсетілген. Бета-HBA Альцгеймермен және Паркинсонмен байланысты токсиндерден нейрондық жасушаларды қорғап қана қоймайды, сонымен қатар антиоксиданттық функцияны жақсартады, митохондрия санын көбейтеді және мидың жаңа жасушаларын өсіреді. Ген экспрессиясы. Ұзақ өмір сүруге және аурудан қорғауға байланысты бірнеше гендер мен молекулаларда пайдалы өзгерістер болады. Ашығудың ­пай­да­сы – гормондардың, жасуша функциясының және ген экспрессиясының өзгеруіне байланысты. Салмақ пен висцеральды майды жоғалтуға көмектеседі. 2021 жылғы зерттеулер бойынша, ашығу кезінде 2-10 апта ішінде 15-42% салмақ жоғалтуға болады. 4.Қант диабеті қаупін азайтады. Соңғы онжылдықта «II типті қант диабеті» өте кең таралған диагнозға айналды. Инсулинге төзімділікті төмендететін кез келген нәрсе қандағы қантты төмендетуге және II типті қант диабетінен қорғау­ға көмектеседі. Ашығуға арналған зерттеуге қатысқан адамдарда 2-10  апта ішінде қандағы қант 3-6%-ға төмендеген. Мидың жұмысын жақсартады. Ашығу ми үшін белгілі метаболикалық функцияларды жақсартады. Ашығу кезінде адамның есте сақтау қабілеті жақсарады. Көптеген жылдар бұрын болған оқиғалардың аттарын, орындары мен жағдайларын еске түсіре бастайды. Қандағы адамның өсу гормонының деңгейі күрт көтерілуі мүмкін. Бұл гормонның жоғары деңгейі майдың жағылуына және бұлшықет массасының жоғарылауына ықпал етеді. Жасушаларды қалпына келтірудің маңызды процестері жүріп, жасушалардан қалдықтарды шығарады.

Ұлы тұлғалар неге ашықты?

Ежелгі дәуірде ашығу Мысыр, Ассирия, Персия, Вавилон, Скиф, Грекия, Фракия, Скандинавия, Рим, Үндістан, Палестина, Тибет, Жапония және Қытайда қолданылды. Сондай-ақ діни аштықты готтар мен кельттер, ацтектер мен толтектер Мексикада, Перуда Инкалар өткізді. Исаның мінез-құлықты жөндеу үшін 40 күн ашыққанын білеміз. Сол секілді софылық ілімде де 40 күн шілтенге отырған. Басқа да ұлы тұлғалар тағамнан айлар бойы бас тартқан екен. Олар кімдер? Пифагор. Ежелгі Грекиядағы әйгілі философия мектебінің негізін қалаушысы ақыл-ой мен шығармашылық қабілеттерін арттыру үшін 40 күн бойы ашыққан. Платон. Ол ақыл-ойдың анықтығы, дененің тазалығы және жақсы мінез үшін 10 күн ашыққан. Оның шәкірті Сократ та ашығуды қолдап, ұстазының ізімен жүрген. Гиппократ. Медицинаның атасы Гиппократ «дәрігер науқасқа көмектесе алмайды. Егер науқас көп тамақ ішуін жалғастырса» деген жазба қалдырған. Плутарх. Ол «дәрі қабылдаудың орнына бір күн аш болған дұрыс» деп кеңес берген. Ибн-Сина. X-XI ғасырларда Шығыс дәрігері Авиценна ашығу арқылы пациенттерінің қанын тазартқан. Әсіресе, мерез және шешек ауруы бар науқастарды ашығу арқылы жазған. Ганди. Философ ұзақ уақыт бойы ашыққанды ұнатқан. Оған аштық ерекше сезім сыйлаған. Ашығуды денені тазалап, емделу үшін ғана емес рухани тазару үшін де қолданған.    

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *