Қазақстанда коммуналдық қызметтерге бағаны көтеруге мораторий енгізілді

Жаңалықтар
view 27
news

Фото: elements.envato.com

Биылғы 16 қазаннан бастап барлық тұтынушы тобы үшін коммуналдық қызметтер тарифтерін көтеру 2026 жылдың І тоқсанының соңына дейін тоқтатылады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі. 

Тарифтердің өсуін тежеу табиғи монополиялар субъектілерінің операциялық шығыстарын оңтайландыру есебінен қамтамасыз етіледі. Бұл ретте ТКШ жүйесі нысандарында жоспарланған барлық жөндеу жұмысы белгіленген мерзімде аяқталуы тиіс.

Айта кету керек, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары үшін тұрғын үй көмегін көрсету тетігі қолданылады.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет халықтың тұрмыс сапасын арттыруға, экономиканы жақсартуға бағытталған шаралар кешенін әзірледі. Бірінші кезекте 2026 жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін тарифтердің өсуін тежеу мәселесі қозғалады. Біз электрмен, жылумен жабдықтау, сумен, кәріз және газбен жабдықтау сияқты коммуналдық қызметтер туралы айтып отырмыз. Бұл өмірлік маңызды салалар. Осы орайда біз аталған қызметтердің тиісті сапасын, барлық инвестициялық іс-шаралардың орындалуын және ТКШ инфрақұрылымының тұрақты, үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеміз, — деді Ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев. 

Айта кетейік, еліміздегі құрылыс компаниялары тұрғын үй бағасын үш жыл өсірмеуге міндеттелді.  Сондай-ақ банктер жеңіл автонесие бағдарламасын жалғастыратын болды. Қазақстанда АИ-92 жанармайы мен дизель қымбаттамайды. 

Еске салсақ, Президенттің бүгін таңертең берген тапсырмасын орындау үшін Премьер-министр Олжас Бектенов жиын өткізді

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *