Қазақстанда АИ-92 жанармайы мен дизель қымбаттамайды
Фото: ашық дереккөз
Президенттің бүгін берген тапсырмасына орай Үкімет 16 қазаннан бастап инфляция деңгейі тұрақтағанға дейін АИ-92 маркалы бензин мен дизель отыны бағасын одан әрі көтеруге мораторий енгізді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Премьер-министр Үкімет мүшелерінің, басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдар басшыларының қатысуымен Мемлекет басшысының азаматтар мүддесі үшін экономикалық реформалар бағдарламасын жүзеге асыруды ретке келтіру жөніндегі тапсырмаларын орындау мәселелері бойынша кеңес өткізді. Жиын қорытындысы бойынша бірқатар шешім қабылдады.

Біріншіден, биыл 16 қазаннан бастап инфляция деңгейі тұрақтанғанға дейін АИ-92 маркалы бензин мен дизель отыны бағасын одан әрі көтеруге мораторий енді. Премьер-министр Энергетика министрлігіне Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен және өңір әкімдіктерімен бірлесіп, тиісті қадағалау жүргізуді, сондай-ақ ішкі нарықты ЖЖМ-мен үздіксіз қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылдауды тапсырды, - деп хабарлайды Үкіметтің ресми сайты.
Еске салсақ, Президенттің бүгін таңертең берген тапсырмасын орындау үшін Премьер-министр Олжас Бектенов жиын өткізді.
Сондай-ақ банктер жеңіл автонесие бағдарламасын жалғастыратын болды.
Пікірлер (0)