Еліміздегі құрылыс компаниялары тұрғын үй бағасын үш жыл өсірмеуге міндеттелді
Фото: aqtobegazeti.kz
Үкімет базалық мөлшерлеменің өсуіне байланысты екінші деңгейлі банктер тарапынан ипотекалық бағдарламалар бойынша ұсыныстардың қысқаруы аясында тұрғын үй-құрылыс жинақ жүйесін қолдау туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Соған сәйкес, халық үшін ипотекалық несие көлемі екі есе ұлғаяды, бұл тұрғын үйге қолжетімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Аталған шара қолданыстағы «Наурыз» және «Наурыз-Жұмыскер» бағдарламалары арқылы несиелеу көлемін 500 млрд теңгеге дейін ұлғайту жолымен жүзеге асырылады, - деп хабарлады Үкіметтің ресми сайты.
Құрылыс компаниялары осы бағдарламалар аясында салынатын тұрғын үй құрылысы бойынша офтейк-келісімшарттар жасалады.

Бұл ретте құрылыс салушылар үш жылға бағаны өзгертпей ұстап тұру бойынша қарсы міндеттемелер қабылдайды, - деп делінген хабарламада.
Еске салсақ, Президенттің бүгін таңертең берген тапсырмасын орындау үшін Премьер-министр Олжас Бектенов жиын өткізді. Сондай-ақ банктер жеңіл автонесие бағдарламасын жалғастыратын болды. Қазақстанда АИ-92 жанармайы мен дизель қымбаттамайды.
Пікірлер (0)