«Қазақ футболы Өзбекстаннан қалып қойды»: өзбекстандық БАҚ ақпарат таратты

Жаңалықтар
view 208
news

Фото:

Қазақстан жастар құрамасы Өзбекстаннан жеңілген соң, өзбекстандық сарапшылар қазақ футболы өзбек футболынан артта қалып қойғанын айтып жатыр, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Upl.uz сайты жазды.

Жақында Қазақстанның жастар құрамасы Өзбекстан жастар құрамасымен екі жолдастық кездесу өткізіп, екі ойында да жеңіліп қалды. Алғашқы матч 1:0 есебімен, екіншісі 3:1 нәтижесімен өзбекстандық футболшылардың пайдасына аяқталған еді.

Осыдан кейін өзбек басылымдары Өзбекстанның әлем чемпионатына жолдама алып, ал Қазақстанның іріктеуден өте алмағанын алға тарта отырып, қазақ футболы өзбек футболынан қалып қойды деген тұжырым жасады.

Жастар арасындағы екі кездесуде Өзбекстан Қазақстаннан толық басымдық танытты. Өзбекстанның әлем чемпионатына жолдама алғанын және Қазақстанның іріктеуден өте алмағанын ескерсек, қазақ футболы Өзбекстаннан қалып қойды деген қорытынды жасауға болады, – деп жазылған материалда.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *