Мәжіліс сайлауында қоғамдық пікірге сауалнама қалай жүргізіледі

Жаңалықтар
view 91
news

ҚР Орталық сайлау комиссиясы 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауына байланысты қоғамдық пікірге сауалнама жүргізу ережесін жариялады, деп хабарлайды  janabastau inform.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. ҚР ОСК ресми сайтында жарияланған құжатқа қарағанда, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 28-бабы 9-тармағының талаптарына сәйкес сайлауға байланысты қоғамдық пікірге сауалнама жүргізуді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген, қоғамдық пікірге сауалнама жүргізу бойынша кемінде бес жыл тәжірибесі бар заңды тұлғалар тиісті құжаттардың көшірмелерін қоса беріп, бұл туралы Орталық сайлау комиссиясын жазбаша түрде алдын ала хабардар ете отырып жүргізуге құқылы. Орталық сайлау комиссиясына жіберілетін хабарламада сауалнамаға қатысатын және осы салада жұмыс тәжірибесі бар мамандар туралы, қоғамдық пікірге сауалнама жүргізілетін өңірлер туралы, қолданылатын талдау әдістері туралы мәліметтер көрсетіледі. Сайлауға байланысты қоғамдық пікірге сауалнама жүргізу нәтижелерін жариялаған кезде бұқаралық ақпарат құралдары, онлайн-платформалар сауалнама жүргiзген заңды тұлғаны, сауалнама жүргізуге тапсырыс берген және оның ақысын төлеген тұлғаларды, сауалнама жүргiзілген уақытты, ақпарат жинау әдiсiн, сұрақтың нақты тұжырымын, сауалнамаға қатысқандардың саны мен сауалнама жүргізу нәтижелерінің қателiк коэффициентiн көрсетуге мiндеттi. Қоғамдық пікірге сауалнама жүргізу нәтижелерiн, сайлау, сайлауға байланысты өзге де зерттеулер, кандидаттарды не саяси партияларды қолдап дауыс беру нәтижелерiнiң болжамдарын дауыс берiлетін күннің алдындағы бес күн ішінде (2023 жылғы 14 – 18 наурыз аралығында) және дауыс берiлетiн күні (2023 жылғы 19 наурызда) Интернет желісінде жариялауға жол берілмейдi. «Сайлауға байланысты қоғамдық пiкiрге сауалнама жүргізу шарттарын бұзу адамды әкімшілік жауапқа тартуға негіз болып табылады (ӘҚБтК-нің 120-бабы)»,-делінген хабарламада.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *