«Мүгедектігі бар адамдар мен мобильділігі төмен топтардың қажеттіліктерін ескере отырып, халық үшін инфрақұрылым нысандары мен қызметтердің қолжетімділігі. Жалпы талаптар. Қол жетімділік шарттары» Қазақстан Республикасының ұлттық стандарты

Жаңалықтар
view 61
news

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2023 жылғы 14 қарашадағы бұйрығымен «Мүгедектігі бар адамдар мен мобильділігі төмен топтардың қажеттіліктерін ескере отырып, халық үшін инфрақұрылым нысандары мен қызметтердің қолжетімділігі. Жалпы талаптар. Қол жетімділік шарттары» Қазақстан Республикасының ұлттық стандарты (бұдан әрі – стандарт) бекітілді.

Осы стандарт мүгедектігі бар адамдардың және халықтың басқа да мобильділігі төмен топтарының ерекше қажеттіліктерін ескере отырып, халық үшін әлеуметтік инфрақұрылым нысандары мен қызметтеріне қолжетімділік жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды белгілейді.

Бұл стандарт жергілікті атқарушы органдардың мүгедектігі бар адамдарға қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша жеке және мемлекеттік кәсіпорындармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі жұмысын ұйымдастыруды көздейді.

Аталған іс-шаралар әлеуметтік осал азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға және олардың әлеуметтік интеграциясын қамтамасыз етуге бағытталған. 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *