Мүгедектігі бар адамдар неге қайта-қайта дәлелдеуі керек - Ринат Зайытов

Жаңалықтар
view 71
news

Фотосурет: Ашық дереккөзден

Бүгін Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында депутат Ринат Зайытов МӘМС жүйесін тағы сынға алды. Ол, Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназароваға жағдайды түсіндіріп айтты, деп хабарлайды janabastau.kz.

Депутат Ринат Зайытов аяқ-қолы жоқ, мүгедектігі айқын көрініп тұрған адамдар неге қайта куәландырудан жиі өту қажет деді.

«Мысалы, бір ауылда бір адамда диабет. Оған адам толмайды деп дәрі бермейтін көрінеді. Ол жағдайда не істеу керек? Басқа ауылдағы ауруларды сол ауылға көшіреміз бе? Ол жағы қалай болады? Айта-айта шаршаған мәселеміз – мүгедектікке шығару. Осыны бір жақты қылыңыздаршы, құдай үшін. Осыны айта-айта шаршадық. Қолы жоқ, аяғы жоқ адам неге 2-3 жыл келіп дәлелдеуі керек. Оның қолы-аяғы өсіп кетпейді ғой. Осыны түсіну қиын емес шығар. Аяқ-қолы жоқ адам неліктен 2-3 рет келіп өзінің мүгедек екенін дәлелдеу керек? Қолы мен аяғы өсіп кетпейді ғой», – деді депутат.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *