Наурызға орай ұлттық нақыштағы пойыздар жолға шықты

Жаңалықтар
view 77
news

Фотосурет: Жолаушылар тасымалы

Наурыз мейрамы қарсаңында елімізде ұлттық нақышта безендірілген мерекелік пойыздар салтанатты түрде жолға шықты. этникалық стильдегі пойызда жолаушыларды ұлттық киім киген жолсеріктер қарсы алды, деп хабарлайды janabastau.kz.

Мерекелік шараға орай «Жолаушылар тасымалы» АҚ астаналық вокзал перронында жолаушыларды домбырада музыкалық сүйемелдеумен  қарсы алып, ұлттық тағамдар «наурыз көже» мен «бауырсақ» ұсынылды.

№3/4 «Астана-Алматы», №85/86 «Астана-Шымкент» және №7501/7502 «Астана-Павлодар» бағыттары наурыз айының соңына дейін қатынайтын болады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *