Неге біздің балалар орыс әдебиетін оқуы керек? - депутат
Фотосурет: goo.kz
Мәжілістің кулуарында депутат Ринат Зайытов мектептерде орыс әдебиетінің орнына әлем әдебиетін оқыту керектігін айтты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі El.kz-ке сілтеме жасап.
Оның айтуынша, КСРО кезінде орыс әдебиетін оқыту заман талабы болғанмен, қазір тек орыс әдебиетін оқисыңдар деу – әбестік.
Оқу-ағарту министрлігіне неге бізде қазақ әдебиеті сағатынан орыс тілі әдебиетінің сағаты көп деген сұрақты мен де қоямын. Сондықтан мұны бір жүйеге келтіру керек. Неге біздің балалар орыс әдебиетін оқуы керек? Кеңес үкіметі кезінде ол, бәлкім, маңызды болған шығар. Ал қазір заманның кең шағында, барлық әлем әдебиетімен танысуға мүмкіндік бар кезде міндеттеп, «тек орыс әдебиетін оқисыңдар» деп айта алмаймыз. Басқа елдің әдебиетін ұрпақтың санасына сіңіру – қате, – деді Ринат Зайытов.
Сондай-ақ ол орыс әдебиетіне басымдық беруден гөрі алдымен қазақ әдебиетін дамытып алайық деген пікірде.
Пікірлер (0)