Нұрлан имам Ринат Зайытовтың сөзіне қатысты жауап берді

Жаңалықтар
view 105
news

Белгілі имам Нұрлан Байжігітұлы мәжіліс депутаты Ринат Зайытовтың «алаяқтардың 80 пайызы намаз оқиды» деген сөзіне жауап берді. Бұл бұл жайлы өзінің тик-токтағы тікелей эфирі барысында айтқан.

Ринат туралы қайта-қайта сұрап жатыр. Кейінгі қосылғандар, жақсылап естіп алыңыздар. Мен бағана сөздің басын содан бастадым, сомен аяқтағым келіп тұр. Сонымен осы сенарий жабылсын деп ойлаймын. Ринатты мен нағыз Құдайды танитын азамат деп білемін. Құдайға сенетін азамат ол. Құдайы бар азамат. Сол сұқбатты асықпай, толық тыңдап шығыңыздар. Бір қазақтың баласына ондай айып тағу үшін кішкене оның ойы, не айтқысы келді дегенді кең ойлаған адам, кем болмайды деген сөз бар. Өкінішке орай, мына дінді қорғаймыз дегендеріңізге айтып отырмын, дінді… дінді – айғай-шумен қорғамайды. Бір-біріне сөз атумен қорғамайды. Алла Тағала өз дінін өзі қорғап алады. Сенсіз де қорғаған ол дінді, сенсіз де қорғап алады. «Құранды, дінді мен түсірдім, оны өзім қорғап аламын, қорықпай-ақ қой, маған кіріспе» – дейді. Сен өз семияңды қорға. Отбасыңды қорға, Отаныңды қорға, одан қалса, өз қара басыңды қорға, қажет болатын болса – дейді имам.

Нұрлан Байжігітұлы қоғамда Ринат айтқандай мәселе бар екенін жасырмады.

Ал бұл жерде Ринаттың 80 пайыз дегені, мен білмеймін енді, сәл артықтау шығар, бірақ шын мәнінде біздің домбырамызға, салт-санамызға қарсы шыққан, сәләфилікті айтып келіп, сол арқылы келді. Сондықтан солай деп түсініңіздер. Біз бір қазақтың баласын аяққа жығып, абырой таппаймыз. Ол пенде. Өз жағдайын өзі түсінер. Ол не айтқысы келгенін өзі айтады. Айтпаса да, біз солай түсінейік. Мен солай түсінемін. Өйткені оның Құдайы бар азамат екенін білемін. Шын мәнінде бізде ол проблема бар, ол жасырын емес. Тіпті, былай түсінсеңіздер де болады, қылмыс жасағанның көбі түрмеге түскеннен кейін намаз оқып кетеді деп түсінуге болады. Бізде ондай проблема жоқ емес қой. Бар, білеміз бәріміз – деді Нұрлан имам.

Айтпақшы, Ринат Зайытов бұл тұрғыда айтқанынан қайтпайтынын айтқан болатын.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *