"Кәсіпкерлерге жүгінгенде құқығы бұзылған және сотқа дейінгі сатыда шешілмеген тұтынушының пайдасына сотпен айыппұл түріндегі кәсіпкердің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін енгізу ұсынылып отыр. Айыппұл тұтынушының талап-арыз сомасының 10%-дан 50%-ға дейінгі мөлшерінде. Талап сомасы неғұрлым аз болса, жоғарыда көрсетілген шектерде айыппұл соғұрлым жоғары болады", - деді вице-министр.
"Сатушылар сапасы төмен тауарды, мысалы, шәйнекті немесе балалар ойыншығын 10-15 мың теңгеге аздаған сомаға сатып алғанда өкінішке қарай, мұны аз ақша деп қарастырады. Біз айыппұлдардың сомасына қарай градация енгізуді ұсынамыз. Тауардың мөлшері неғұрлым аз болса, соғұрлым үлкен айыппұл. Оның мөлшері 50%-ға дейін жетуі мүмкін. Ал бұл сатушыны тұтынушымен дауды өзі шешуге итермелейді, өйткені ол оны сотқа жеткізе алады. Сот кәсіпкердің қанша айыппұл төлейтінін белгілейді. Содан кейін кәсіпкер төленген тауар сомасын, айыппұлды және сотқа байланысты шығынды өтеуі керек болады", - деп түсіндірді Қайрат Балықбаев.
Пікірлер (0)