Онда біз де бірнеше күйеуге тиеміз: Баян Алагөзова Абзал Құспанға жауап берді
Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy
Қазақстандық продюсер Баян Алагөзова Батыс Қазақстан облысынан сайланған Мәжіліс депутаты Абзал Құспанның «тоқал институтын заңдастыру» туралы мәлімдемесіне жауап берді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Белгілі продюсер депутаттың ұсынысымен түбегейлі келіспейтінін айтып, керісінше, елде бірнеше күйеуге тиюді заңдастыруды ұсынды.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Тоқалдықты заңдастыру қажет – Мәжіліс депутаты (ВИДЕО)
Жауап ретінде мен көпкүйеулікті заңдастыруды ұсынамын. Неге болмасын? Еркектерге болады да, әйелдерге неге болмайды? Біздің еліміз – зайырлы мемлекет, онда заң бойынша ер мен әйел тең құқықты. Ал билік өкілдері шариғат заңы бойынша өмір сүруді ұсынғанда, мұны қалай түсінуге болады? – деп ашуын білдірді Баян Алагөзова.
Бұған дейін депутат Абзал Құспан елімізде көптеген дәулетті ер адамның, соның ішінде шенеуніктердің де «тоқалдарымен» бірге тұратынын айтқан болатын. Ол ежелгі қазақ дәстүрі – «әмеңгерлік» туралы еске салып, бұрын жесір қалған әйелді қамқорлығына алу адамгершілік мақсатта болғанын, ал бүгінде бұл дәстүр «байлардың ермегіне» айналғанын атап өткен еді.
Депутат бұл мәселені қоғамдық талқылауға шығарып, заңгерлерге оны құқықтық тұрғыдан реттеу тетіктерін әзірлеуді ұсынған.
Еске салсақ, Мәжіліс депутаты бұл жағдай бәрібір заңдық тұрғыда реттеуді қажет ететінін айтқан болатын.
Пікірлер (0)