Астанада тағы бір базар өртке оранды

Жаңалықтар
view 23
news

Фото: yandex.kz/maps

Астанада "Әсем" көтерме-бөлшек сауда базары өртенді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәлімдемесі

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт сөндірушілер Сарыарқа ауданындағы Ықылас Дүкенұлы көшесінде орналасқан елордалық көтерме-бөлшек сауда базарының бірінде шыққан өртті сөндіріп жатыр.

Нақты мәліметтер бойынша, ангар типіндегі бір қабатты ғимаратта орналасқан екі бутиктің өртенуі орын алған. Оқиға орнында жедел штаб құрылды. Су үздіксіз беріліп, өртті сөндіруге арналған оқпандар тартылды, – деп хабарлады ТЖМ.

Өрт сөндірушілерге не кедергі келтірді

Өрт сөндірушілер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Өртті сөндіруге ТЖД-ның 95 қызметкері мен 25 техника жұмылдырылды, – деп қосты ведомство.

Өрт сөндірушілерге оттың кең ауқымға жайылғаны, ғимараттың құрылымдық ерекшеліктері және қою түтін кедергі келтірген.

Бұған дейін Астанада цех өртенген болатын.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *