Қазақстанда күйзеліске ұшырағандар да еңбекке жарамсыз парағын рәсімдей алады

Жаңалықтар
view 221
news

Фото: empathycenter.ru

Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстанда күйзеліс (депрессия) диагнозы қойылған азаматтарға да еңбекке жарамсыздық парағы (больничный) ресімделуі мүмкін, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Мән-жай

Редакцияға қазақстандық тұрғын хабарласып, әлеуметтік желілерде «депрессия кезінде де больничный ашуға болады» деген жазбаны көргенін айтып, осы ақпараттың рас-өтірігін нақтылап беруді сұраған.

Министрліктің жауабы

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, «депрессия» диагнозын тек психиатр-дәрігер ғана қоя алады.

Алғашқы белгілерді жалпы тәжірибе дәрігері немесе психолог анықтауы мүмкін, алайда түпкі диагноз қою, ем тағайындау және науқасты бақылау тек психиатрдың құзырында, – деді ведомство өкілдері.

Министрлік түсіндіргендей, жеңіл дәрежедегі күйзеліс кезінде еңбекке жарамсыздық парағын ашуға болады, бірақ бұл шешімді дәрігер пациенттің жағдайына қарай қабылдайды.

Егер дәрігер адамның жағдайы уақытша еңбекке қабілетсіз деп есептесе, онда оған тиісті парақ беріледі, – делінген хабарламада.

Ал орта және ауыр дәрежедегі күйзеліс кезінде науқастарға стационар жағдайында емделу ұсынылады. Бұл – Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен стандарттарға сай талап.

Маңызды ескерту

Бұған дейін психиатр Нәби Есімов күйзеліс пен жай ғана көңілсіздіктің айырмасын атап өткен болатын. Оның айтуынша, диагноз қою үшін үш негізгі белгі болуы керек:

  • көңіл күйдің екі аптадан астам уақыт төмен болуы;

  • ойлау белсенділігінің төмендеуі (мысалы, адам қарапайым есеп жүргізуге, назарын шоғырландыруға қиналады);

  • қозғалыс белсенділігінің баяулауы, жұмысқа баруға немесе айналасындағы оқиғаларға назар аударуға құлықсыздық.

Демек, депрессия – жай ғана уақытша шаршау емес, ол нақты медициналық диагноз және оны емдеудің де, рәсімдеудің де өз тәртібі бар.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *