«Біздің сөзіміз бен ісіміз сәйкес келмейді»: Депутат Ринат Зайытов Парламент жұмысын сынады

Жаңалықтар
view 86
news

Фото: parlam.kz

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» заң жобасын және оған қатысты түзетулерді талқылау барысында несие пайыздарының жоғары екенін қатаң сынға алып, Парламенттің өз жұмысын да сын тезіне салды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Тоқалдықты заңдастыру қажет – Мәжіліс депутаты (ВИДЕО)

«Тоқалдықты заңдастыру қажет»: Депутат бұл жағдай бәрібір заңдық тұрғыда реттеуді қажет ететінін айтты

«Әдетте мақтанамыз ғой...»

Бізде пайыздық мөлшерлеме соғыс жүріп жатқан мемлекеттерден де жоғары: Ресейде – 17%, Украинада – 15,5%. Әдетте мақтанамыз ғой: бір салада Өзбекстаннан оздық, бір салада Қырғызстаннан оздық деп. Міне, қараңыздар: Өзбекстанда – 14%, Қырғызстанда – 10%. Ал бізде тұтынушылық несиелердің пайызын зорға дегенде 50%-дан 46%-ға түсірдік. Яғни, барлығымыз жабылып жүріп, әлемдік орташа көрсеткіш – 36%-ға да жете алмай отырмыз. Ұзақ мерзімді автонесиелер туралы айтасыздар, бірақ ол да шын мәнінде жеңілдік емес – бұл да несие, өйткені халық үстінен артық төлейді, – деді ол.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Онда біз де бірнеше күйеуге тиеміз: Баян Алагөзова Абзал Құспанға жауап берді

«Сенбеймін...»

Сонымен қатар депутат қазіргі жағдайдың өзгеретініне сенбейтінін айтты.

Мен екінші оқылымға дейін бұл мәселе қайта қаралады деп сенбеймін. Өйткені мемлекеттік органдардың әдеті сол: Мәжіліске келеді, 90 депутат бірауыздан «қолдаймыз» деп дауыс береміз, ал кейін барып ұялмастан бір жері дұрыс болмапты деп айтамыз. Біздің сөзіміз бен ісіміз сәйкес келмей отыр, әріптестер, – деді Ринат Зайытов.

Бұған дейін салық органдары азаматтардың несиесі туралы ақпарат алып отыратынын жазған болатынбыз.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *