Астанада LRT-да жұмыс істеуге мамандар қабылдап жатыр

Жаңалықтар
view 123
news

Фото: Фото: CTS

Астанада «City Transportation Systems» ЖШС жеңіл рельсті көлік (LRT) жүйесінде жұмыс істеу үшін қызметкерлер қабылдау басталғанын мәлім етті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Қандай мамандар қажет

Компанияда мынадай бос лауазымдар бар:

  • Станциялардың ауысым басшылары;
  • Станция кезекшілері;
  • Жылжымалы құрам орталығының қозғалыс диспетчерлері;
  • Жылжымалы құрам орталығының орталықтандыру бекетінің диспетчерлері;
  • LRT жабдықтары мен инфрақұрылымын басқару орталығының диспетчерлері;
  • Жабдықтар мен инфрақұрылымды басқару орталығының сигнализация техниктері;
  • Жабдықтар мен инфрақұрылымды басқару орталығының байланыс техниктері;
  • Жабдықтар мен инфрақұрылымды басқару орталығының электр монтерлері;
  • Жабдықтар мен инфрақұрылымды басқару орталығының жол жөндеу учаскесінің шеберлері;
  • Жылжымалы құрам орталығының жабдықтарды жөндеу слесарьлары;
  • Қойма меңгерушілері.

Елімізде және Қытайда тегін курстарда оқытады

Жеңіл рельсті көлік жүйесінде жұмыс істейтін болашақ қызметкерлерді оқыту жұмыс беруші есебінен жүргізіледі. Теориялық және практикалық дайындық Қазақстанда және ҚХР өткізіледі.

Курстың ұзақтығы – мамандыққа байланысты 4 айдан 6 айға дейін. Оқыту аяқталғаннан кейін халықаралық үлгідегі сертификат беріледі. Оқыту бағдарламасын сәтті аяқтаған барлық қатысушы LRT бөлімшелеріне жұмысқа орналастырылады. Жұмысқа қабылдау Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

Бағдарламаның мақсаты – пойыздардың жүргізушісіз қозғалысын, сенімді байланысты және барлық қызметтің үйлесімді жұмысын қамтамасыз ететін жоғары технологиялық LRT басқару жүйесінде жұмыс істей алатын білікті қазақстандық мамандарды даярлау, – делінген CTS хабарламасында.

Үміткерлерге қойылатын талаптар

  • жоғары немесе орта-арнайы білім (көлік, машина жасау, электр техникасы немесе тиісті салалар);
  • кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі (біліктілік талаптары «cts.gov.kz» сайтында орналастырылған).

Оқу кезеңінде бес күндік жұмыс аптасы қарастырылған. Жұмысқа орналасқаннан кейін – лауазымға байланысты бес күндік немесе ауысымдық жұмыс кестесі белгіленеді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *