«Отбасымызда әкеммен жақын емес адамдар бар»: Қабатовтың кенже қызы бір құпияның бетін ашты

Жаңалықтар
view 270
news

Фото: ашық дереккөз

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдір Мұқанованың кенже қызы Айару әлеуметтік желідегі парақшасында әкесіне қатысты жазба жариялады, деп жазады JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Қадіріңді білмеген әйелмен уақытыңды қор қылма»: «Күлпәш» келін» Қабатовты қолдап жазба жариялады

«Ешқашан блокқа қойған емеспін»: Тұрсынбек Қабатов бұрынғы әйеліне жауап берді

 «Мөлдірдің қолынан ыстық шәй ішуші едік...»: Мұхамеджан Тазабек Қабатовтың ажырасуына қатысты пікір білдірді

«Сатқындықты өз қолыммен...»: Тұрсынбек Қабатовтың әйелі жылап отырып сұхбат берген (ВИДЕО)

«Мәңгіге әкемнің қызымын»

Оның айтуынша, қазіргі болып жатқан жағдайларға қарамастан, Тұрсынбек Қабатов ол үшін әрдайым ең жақсы, мейірімді әке болып қала береді.

Қазір бәрі оны жаман адам деп айта бастайды. Бірақ ол мен үшін ең керемет әке болып қала береді. Мен оны әлемдегі барлық адамнан артық жақсы көремін әрі қатты бағалаймын. Мүмкін жақсы күйеу бола алмаған шығар, бірақ әке ретіндегі орны бөлек — ол осы жылдар бойы өз махаббатын ісімен дәлелдеп келеді. Қазір қарым-қатынасымыз жақсы, бәрін ашып сөйлесіп алдық. Мен үшін адамдардың оны жамандап, жек көретіндерін жазғандарын оқу өте ауыр. Себебі жақын адамыңа тіл тигізсе, жүрегің ауырады, бар күшіңмен қорғағың келеді. Бірақ менің оны қорғап жүргенімді ешкім көрмейді. Мәңгіге әкемнің қызымын, – деп жазды ол.

«Әкеммен жақсы араласамын»

Бұл жағдайға жіті көз тігіп отырған әлеуметтік желі қолданушылары Айаруды сұрақтың астына алды.

“Сонда Мөлдір бәрімізді бұғаттап қойды деп өтірік айтты ма?”, “Анаңыздың сұхбатта “балаларды бұғаттап қойған” дегені ше?”, “Онда неге анаңыз “бәрімізді бұғаттап қойған, сөйлеспей жүр” деп айтты?”, – деп сұрақтар қойды желі қолданушылары.

Айару бұл сауалдарға жауап беріп, қазір әкесімен қарым-қатынасы жақсы екенін айтты.

Анам сұхбатта әкемнің кей кездері белгілі бір себептермен бізбен хабарласпай, сөйлеспей жүрген сәттері болғанын айтқысы келді. Өз басым қазір әкеммен жақсы араласамын, бірақ отбасымызда онымен аса жақын емес адамдар да бар, – деп жауап берген ол.

Желі қолданушылары не деп жатыр

Көпшілік Айаруға жылы пікірлер жазып, оған қолдау білдірді.

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ: «Неге басу айтпайсыз?»: Журналист Тұрсынбек Қабатовтың анасына жазба арнады

Қабатовтың әйелі оны көңілдесімен ұстап алған күні 24-қабаттан секірмек болған (ВИДЕО)

«Пәтер, көлік, қымбат шуба, бриллиант алып берген»: Мөлдір Мұқанова Тұрсынбек Қабатовпен заңды түрде ажырасқанын мәлімдеді

«Тастап кетті»: Қарақалпақ қызы Тұрсынбек Қабатов туралы өз шындығын айтты

«Басқаның бақытын ұрлау – адасқандық!»: Қарақат Әбілдина Қабатовтың тоқалына ақыл айтты

“Сен бәрін дұрыс істеп жатырсың. Әкеңе анаңның көзімен емес, өз көзіңмен қара. Ең маңыздысы – әкеңнің сен үшін жақсы адам болғаны. Ересектер өз мәселесін өздері шешсін”, “Балалар ешқашан зардап шекпеуі керек”, “Осының барлығы анаңның тәрбиесі. Дұрыс, қандай жағдай болса да әкеңді қорға, ол сендерді жақсы көреді”, – деп пікір қалдырған.

Еске сала кетейік, сенатор коучтардың кесірінен қаншама шаңырақ ортасына түскенін айтты.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *