Сенатор коучтардың кесірінен қаншама шаңырақ ортасына түскенін айтты

Жаңалықтар
view 234
news

Фото: rsv.ru

Сенатор Амангелді Есбай Үкімет басшысына жолдаған депутаттық сауалында бүгінгі таңда психологтар мен коуч қызметін көрсететіндердің іс-қимылын бақылаудың жоқтығы өткір сезіліп отырғанын айтты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Сенатордың сөзі

Оның айтуынша, психологиялық көмек саласында тиісті заңнамалық және кәсіби бақылаудың болмауына байланысты салалық білімі мен біліктілігі жоқ адамдар көбейді. Бұл ретте, өздерін психолог немесе коуч деп атап, емін-еркін жұмыс істеп жатыр. Мұндай «мамандардың» кесірінен жеке өмірге араласуы, құпия ақпараттың таралуы, эмоционалдық және отбасылық күйзеліс сияқты мәселелер орын алған. Әсіресе, қысқа мерзімді курстар ұйымдастыратын және оны бітіргеннен кейін қатысушыларға сертификат беретін топтар ерекше алаңдатып отыр.

Сенатор олардың жұмыс әдісінің ғылыми негізіне күмән келтірді және олардың дәстүрлі отбасылық құндылықтарға қайшы келетіндігін атап өтті. Сонымен қатар, олардың кейбіреулері діни сенім қағидаларын өзінше жорамалдап, жалған түсінік қалыптастырады және ерлі-зайыптылар арасындағы келіспеушілік туғызып жатыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: "12 миллион теңгені санап берген": Коуч Нұрлан Жанайға алданған зейнеткер ақшасын қайтара алмай жүр

«Тендер арқылы ақша табуды үйретемін» деген коучтың ісі сотта қаралды

«Пәтер, көлік, қымбат шуба, бриллиант алып берген»: Мөлдір Мұқанова Тұрсынбек Қабатовпен заңды түрде ажырасқанын мәлімдеді

Мысалы, отбасылық кеңес беруді сылтауратып, «жұбайыңызды қалай өзгертуге болады», «баланы басқару әдістері», «ажырасу – жаңа өмірдің басы» секілді радикалды көзқарасты насихаттаушы «мамандардың» әсерінен айрандай ұйып отырған қаншама отбасының шыңырағы шайқалды. Көптеген жағдайда бала тәрбиесіне қатысты теріс нұсқаулар беріліп, эмоциялық зорлық-зомбылық элементтері кеңес формасында ұсынылады. Мұндай кеңестердің нәтижесінде ата-аналар мен балалар арасында сенім жоғалып, отбасылық қарым-қатынасқа нұқсан келуі жиілеп келеді. Сонымен қатар, «бизнес бастаймыз», «қаржылық еркіндікке жетелейміз», «сананы бағдарламалау арқылы миллионер боласың» деген ұранмен жалған коучтар азаматтарды несие алуға итермелеуде. Осының салдарынан көптеген адам қаржылық күйзеліске ұшырап, қарызға батып, жеке өмірі мен отбасына кері әсерін тигізіп жатыр. Ағымдағы жағдай және негізгі мәселелерге тоқталсақ, Қазақстанда жеке практикамен айналысатын психологтар мен коучерлердің нақты саны белгісіз, себебі бірыңғай тіркеу немесе лицензиялау жүйесі жоқ, - деді Амангелді Есбай.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Алимент төлемейтін, әйелін ұратын қолымен өліп амандасады ғой — Роза коуч

"Имамдар жаназасын оқымай қойса екен": Белгілі уағызшы Роза коуч туралы (ВИДЕО)

«Отбасымызда әкеммен жақын емес адамдар бар»: Қабатовтың кенже қызы бір құпияның бетін ашты

Психологтар мен коучтардың ұлттық реестрін құру ұсынылды

Осы орайда ол «психолог» немесе «коуч» атауын мамандыққа сәйкес келмейтін, қысқа мерзімді курстан өткен адамдар да еркін пайдаланып жатқанын айтты. Құпиялықты сақтау, клиентке зиян келтіру, эмоционалдық манипуляция жасау секілді теріс тәжірибелерге қатысты нақты жауапкершілік тетіктері белгіленбеген.

Заң қабылдауды, лицензиялау және кәсіби тіркеу тетігін енгізуді, психологтар мен коучтердің бірыңғай ұлттық реестрін құруды, сондай-ақ Этикалық кодекс және құпиялылықты сақтау талаптарын заңдастыру арқылы клиенттің жеке деректерін қорғау, ақпаратты рұқсатсыз жарияламау міндеттерін құқықтық жауапкершілікпен бекітуді ұсынамыз, - деді сенатор.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *