Путин ядролық сынаққа дайындықты жеделдетуді тапсырды

Жаңалықтар
view 534
news

Владимир Путин. Фото: Акорда

Ресей президенті Владимир Путин Қауіпсіздік кеңесінің отырысында ядролық қару сынақтарына дайындыққа қатысты ұсыныстар әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Кремль мәліметінше, жиында АҚШ-тың ядролық сынақтарды қайта бастау ықтималдығы талқыланған. Путин бұрынғы мәлімдемесін еске салды: егер Құрама Штаттар немесе кез келген басқа мемлекет ядролық сынақ жүргізетін болса, Ресей де жауапсыз қалмайды.

«Ресей ядролық сынақтарға тыйым салатын келісімді ұстанып келеді. Одан бас тартқалы отырған жоқпыз. Бірақ 2023 жылы айтқанымдай: егер АҚШ немесе басқа елдер сынақ бастаса, біз де тиісті жауап береміз. Осыған байланысты ІІМ, Қорғаныс министрлігі және азаматтық ведомстволар толық ақпарат жинап, дайындық жұмыстары бойынша ұсыныстарды Қауіпсіздік кеңесіне енгізуі тиіс», — деді Путин.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *