«Тоқалдықты заңдастыру қажет»: Мұхтар Тайжан депутаттың ұсынысын «далбаса» деп атады (ВИДЕО)

Жаңалықтар
view 337
news

Фото: видеодан скрин

Белгілі қоғам қайраткері, саясаткер Мұхтар Тайжан Мәжіліс депутаты Абзал Құспанның «тоқал алуды заңдастыру керек» деген сөзіне қатысты пікір білдірді, деп жазады JANABASTAU.KZ.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Орта ғасырға қайтармақ па?» — Мұрат Бақтиярұлы «тоқал заңдастыру» туралы депутат пікірін қатаң сынға алды

Байлар жарыса бастайды

Мұхтар Тайжанның ойынша, бұл – елімізге, халқымызға аса зиян қауіпті ұсыныс. Сондықтан мұндай ұсынысқа түбегейлі қарсы.

Біріншіден, тоқалдарды заңдастырсақ, бізде «тоқал нарығы» ашылады. Байлар «сенде қанша тоқал?» деп жарыса бастайды. Араб елдерінде мұндай үрдіс бар. Жарысып, жас қыздарды ала бастайды. Ал ақшасы жоқ, қарапайым жігіттерге қыздар жетпей қалады. Солай деп толыққанды айта аламын. Себебі бала кезімде әкеммен бірге араб елдерінде өмір сүргенмін. Соны көріп өстім. Оларда тек ақшасы барлар үйлене алады. Ақшасы жоқтар жүре береді, – дейді саясаткер. 

«Шариғатпен өмір сүрмейміз»

Сондай-ақ ол «тоқал институты» демографиялық ахуалға да әсер ететінін айтты. 

Себебі қыздар жетіспей қалады. Біз шариғатпен өмір сүретін ел емеспіз ғой, ал Конституция бойынша әйелдер мен еркектердің құқығы тең. Егер мұны заңдастырсақ әйел адамдар «онда біз де ақшамыз болса бірнеше ер адамға тұрмысқа шығамыз» деп айтады. Оған құқылы болады. Себебі құқық тең. Мұндай ұсыныс, ой дұрыс емес. Оған жол бермеуіміз керек. Өркениетті елміз, – дейді Мұхтар Тайжан. 

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ: «Басқаның бақытын ұрлау – адасқандық!»: Қарақат Әбілдина Қабатовтың тоқалына ақыл айтты

Онда біз де бірнеше күйеуге тиеміз: Баян Алагөзова Абзал Құспанға жауап берді

Сенатор коучтардың кесірінен қаншама шаңырақ ортасына түскенін айтты

«Ер мен әйелдің құқығы тең болуы керек»

Ер мен әйелдің құқығы тең болуы керек деген саясаткер «тоқалдардың құқығын қорғау керек» деген сөз далбаса» екенін жеткізді. 

Тоқалдың орны – тоқалдық. Заңды әйелмен тең болмауы керек. Ол ұят нәрсе болуы керек. Ер мен әйелдің құқығы тең болуы керек. Біз надан, өркениеттен мақұрым қалған ел болмауымыз керек. Ал балаларға келер болсақ, олардың құқығы қазір де қорғалып тұр. Себебі ДНҚ анализі бойынша сот балаларды мойындатады. Сол үшін олардың құқығы қорғалған, – дейді Мұхтар Тайжан. 

Еске салайық, бұған дейін Мәжіліс депутаты Абзал Құспан тоқал алуды заңдастыру қажет екенін айтқан болатын. Кейін Құспан бұл сөзіне қатысты түсініктеме берген еді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *