Облыс әкімдерінің әрекетсіздігі салдарынан халық елордаға ағылып жатыр - президент

Жаңалықтар
view 263
news

Фотосурет: perspectum.info

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында жариялаған Жолдауында Астанаға өңірлерден халықтың жаппай көшіп келу себептерін атады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Бірқатар облыс әкімінің әрекетсіздігі аясында, олар корпоративтік салықтардан түскен артық қаражатты тиімсіз жобаларға – мысалы, тас төсеу сияқты жұмыстарға жұмсаған. Соның салдарынан елордаға халықтың ағылуы байқалып отыр, – деді президент.

Оның айтуынша, соңғы 3 жылдың өзінде Астана тұрғындарының саны 250 мыңнан аса адамға артқан. Оның ішінде тек былтырдың өзінде шамамен 100 мың адам қоныстанған. Биыл бұл өсім одан да асып түсуі мүмкін.

Қазір елорданың инфрақұрылымына күн сайын 1,9 миллион адамға жуық халық жүктеме түсіріп отыр. Ал ресми тіркелген тұрғындар саны – 1,5 миллион адам.

Басқаша айтқанда, шамамен 400 мың адам – орташа бір қаланың халқы. Олар елордада ешқандай жоспарсыз қызмет алып отыр. Соның салдарынан жылу және су жүйелерінің тұрақтылығы қатерге тігіліп отыр, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *