Облыс әкімдігінде 2022 жылдың қорытындысы бойынша отырыс өтті

Жаңалықтар
view 217
news

2022 жылдың қорытындысы бойынша облыс әкімімнің дөңгелек үстелі өтті деп хабарлайды "JanaBastau" ақпарат агенттігі.   Отырыс барсында инвестиция тарту жұмысы және ағымдағы жылға арналған жоспарлар туралы айтылды. 12 айдың қорытындысы бойынша 4,3% өсіммен 566,6 млрд. теңге сомасына негізгі капиталға инвестициялар тартылды.2022 жылы 163 жоба іске асырылып, 3522 жаңа жұмыс орны құрылды. Оның ішінде бірыңғай Индустрияландыру картасы аясында-8 жоба. Ірі жобалар Бурабай, Аршалы, Шортанды аудандарының аумағында іске асырылды. Бұл қуаттылығы жылына 5 тоннаға дейін "RG PROCESSING" Доре қорытпасының алтын өндіру фабрикасы, қуаттылығы жылына 120 млн.данаға дейін "SG BRICK" кірпіш зауыты, "KAZAKHALTYN TECHNOLOGY" кен өңдеу фабрикасы, "SG BETON" темірбетон бұйымдарын шығару зауыты сияқты кәсіпорындарды іске қосу. 2023 жылға аудандар мен қалалардың әкімдіктерімен бірлесіп 164 жобаның тізбесі қалыптастырылды. Олардың қатарында "Борей Энерго" ЖШС және Аршалы ауданындағы "SG Brick" ЖШС, Ерейментау ауданындағы "Ерейментау Винд Пауэр" ЖШС бар. Отырыс соңында: "биылғы жылы негізгі капиталға жоғары инвестициялық белсенділікті қамтамасыз ету және өсу қарқынын қамтамасыз ету мақсатында Кәсіпкерлік және туризм басқармасына аудандар мен қалалар әкімдіктерімен бірлесіп негізгі капиталға инвестициялардың НКИ – ге қол жеткізуді, 2023 жылға мәлімделген барлық инвестициялық жобаларды, оның ішінде индустрияландырудың бірыңғай картасы бойынша іске қосуды тапсырамын" деді облыс әкімі Ермек Мыржақпаев. Сондай-ақ әкім әлеуетті инвесторларға цифрлық форматта ұсыныстар дайындауды да назардан тыс қалдырмауды айтты.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *