"Өлігін көметін жердің ақшасын төлеу керек": Айгүл Иманбаева сұмдық ақпар айтты

Жаңалықтар
view 26
news

Фотосурет: әлеуметтік желіден

Қазақстандық әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева әлеуметтік желідегі парақшасында Еуропа мен Америка елдеріндегі зираттарды пайдалану тәртібі туралы жазба жариялады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ OZGERIS.INFO-ға сілтеме жасап.

Өнер иесінің айтуынша, аталған елдерде жер ресурсы шектеулі болғандықтан, зираттағы орындар жалға беріледі. 

«Еуропа мен Америка елдерінде жер ресурсы өте қатты үнемделеді. Сол себепті ол жақта адам қайтыс болғанда, зират орны жалға беріледі. Егер уақыты аяқталғанда туыстары жалдау ақысын қайта төлеп, келісімшартты ұзартпаса, заң бойынша ол жерге келесі адамды жерлейді», – деп жазды Айгүл Иманбаева.

Сондай-ақ ол мұндай тәжірибе қазақстандықтардың дүниетанымына тосын көрінуі мүмкін екенін атап өтті.

«Біздің менталитетке мүлдем жат көрінгенімен, бұл – Батыс елдеріндегі қалыпты заңдылық», – деді әнші.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *