Президент комада жатқан Отар сарбазының ісі бойынша кінәлілерді жазалауды бұйырды
Сурет: ғаламтордан
Отар ауылында белгісіз себептермен комаға түскен сарбаздың анасының үндеуі жауапсыз қалмады, деп хабарлайды Janabastau.kz.
Жамбыл облысы Отар ауылындағы әскери бөлімде мерзімді қызметін өтеп жатқан сарбаз белгісіз себептермен комаға түсті. Сарбаздың анасы әлеуметтік желіде президент Қасым -Жомарт Тоқаевқа үндеу жасады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желілерде жарияланған үндеумен танысып, кінәлілерді жазалауды тапсырды.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысы Отар ауылындағы әскери бөлімде мерзімді қызметін өтеп жатқан сарбаздың комаға түсуіне қатысты анасының әлеуметтік желілерде жариялаған үндеуімен танысты. Мемлекет басшысы болған оқиғаның мән-жайын мұқият зерттеп, кінәлі адамдарды жазалауды талап етті. Президент Қорғаныс министріне армияда мұндай жағдайға жол бермеу қажет екенін ескертіп, тергеу амалдарын бақылауға алуды тапсырды»,– деді Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.
Пікірлер (0)