Президент Тәуелсіздіктің 40 жылдығына дейінгі міндетті атады
Фото: Akorda
Біз өзіміздің басқалардан басым түсетін мықты тұстарымызды жақсы білуге тиіспіз. Бұл туралы Бурабайда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың IV отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
«Тәуелсіздігіміздің 40 жылдығы жақындап келеді. Осы маңызды белеске қандай жетістікпен жетерімізді, оған дейін қандай тарихи міндеттерді орындауға тиіс екенімізді нақты білу маңызды. Біз шындыққа тура қарауымыз керек. Еліміз бәрінен оза шауып, барлық салада және барлық бағытта бірінші қатарда бола алмайтынын түсінуіміз қажет. Сондықтан біз өзіміздің басқалардан басым түсетін мықты тұстарымызды жақсы білуге тиіспіз, - деді Қасым Жомарт Тоқаев.
Президенттің пайымынша, Қазақстанның кемінде төрт салада орасан зор мүмкіндіктері бар. Осы салаларда елімізді қамтамасыз етіп қана қоймай, аймақтық, тіпті, жаһандық ауқымда ықпалымызды жүргізе аламыз. Цифрландыру ісі мен жасанды интеллект, көлік тасымалы, энергетика, агроөнеркәсіп кешені және адам капиталы негіз болады.
Пікірлер (0)