Президент Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысу үшін Мажарстанға барады

Жаңалықтар
view 69
news

Сурет: gov.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 20-21 мамыр күндері Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысу үшін Мажарстанға баратын болды, деп хабарлайды janabastau.kz.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

2025 жылы Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті Венгрия астанасы – Будапешт қаласында өтеді. Венгрия – Түркі мемлекеттері ұйымына бақылаушы ел ретінде мүше.

Айта кетейік, Түркі мемлекеттері ұйымының (бұрынғы атауы – Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі) саммиті 2011 жылдан бері өткізіліп келеді. Оған Қырғызстан, Қазақстан, Өзбекстан, Түркия, Әзербайжан мүше болса, Венгрия мен Түрікменстан бақылаушы ел ретінде қатысады. Түркі мемлекеттері ұйымының үш саммиті Қазақстанда (екі рет Астанада, бір рет Алматыда) өтті. 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *