Украина Ресейге дрондармен соққы жасап жатыр

Жаңалықтар
view 24
news

Фото: ашық дереккөз

Украина Жеңіс күні қарсаңында Ресейге шабуылын үдетті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

 

4 мамырға қараған түні Мәскеудің Мосфильм көшесіндегі ғимаратқа дрон құлаған. Қала мэрі Сергей Собяниннің сөзінше, зардап шеккендер жоқ.

Зардап шеккендер жоқ. Арнайы қызметтер оқиға орнында жұмыс істеп жатыр, — деп жазды ол Telegram-арнасында.

Собяниннен бөлек, Осторожно, Москва, Shot, Mash және Baza Telegram-арналары да Мосфильм көшесіндегі тұрғын үй маңында жарылыс болғанын жазған. Олар зақымданған үйдің фотосын жариялады. Shot мәліметінше, әңгіме Раменки ауданындағы «Дом на Мосфильмовской улице» тұрғын үй кешені туралы болып отыр.

Сергей Собяниннің мәліметінше, 3 мамыр күні Мәскеуге қарай ұшқан сегіз дрон атып түсірілген. 2 мамырда Мәскеу облысында алты дрон жойылған. Салдарынан бір адам қаза тапқан.

3 мамырға қараған түні Украина дрондары Ленинград облысын да шабылдаған. Украина президенті Владимир Зеленский украин күштері Ресейдің Ленинград облысында орналасқан Приморск портындағы «Қарақұрт» ракеталық кемесіне, күзет қайығына және тасадағы флоттың 2 танкеріне соққы жасағанын мәлімдеді.

Жексенбіге қараған түні Ленинград облысында 59 дрон құлатылған. Бұл туралы облыс басшысы Александр Дрозденко мәлімдеді. Жапа шеккендер туралы хабар жоқ. Жергілікті тұрғындар дрон немесе жарылыс дыбысын естігенін айтқан.

Ресей қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, 3 мамырға қараған түні Ресейдің 15 аймағында және аннексияланған Қырым түбегінде барлығы 334 украин дроны құлатылған.

9 мамырда Мәскеудің Қызыл алаңында Жеңіс күніне байланысты әскери парад өтеді. Бірақ бұл жолы оған әскери техникалар қатыспайды. Шараның өту уақыты да қысқарған. Кремль баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бұны қауіпсіздік шараларымен байланыстырған.

Сәуірдің аяғында Ресей президенті Владимир Путин АҚШ басшысы Дональд Трамппен сөйлесіп, Жеңіс күні атысты уақытша тоқтата тұруды ұсынған. Украина президенті Владимир Зеленский «атысты уақытша тоқтату тактикалық алдауға айналмауы тиіс» деп мәлімдеген.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *