Мәсімовтің самурай қылышы 1,5 миллионға сатылды

Жаңалықтар
view 25
news

Фотосурет: baq.kz

Астанада аукцион арқылы сатылымға шығарылған самурай қылышы жаңа иесін тапты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ.

Лот ҰҚК-ның бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов ісі аясында тәркіленген мүліктердің бірі болған.

Сатылым деректеріне сәйкес, «самурай қылышы» атты лоттың бастапқы бағасы 379 904 теңге болған. Аукцион 2026 жылғы 29 сәуірде сағат 12:00-де басталып, нәтижесінде 1 586 954 теңгеге сатылған.

Кепілдік жарна көлемі 81 408 теңге болған. Сауда «бағаны көтеру» тәсілімен өткен және жалғыз қатысушыға сату мүмкіндігі қарастырылған. Нәтижесінде аукцион өтті деп танылған. Лот сипаттамасында қылыштың жүзі болаттан жасалғаны, бойымен жіңішке ойығы бар екені көрсетілген.

Қынабы қара түсті материалдан, ал сабы сұр металдан геометриялық өрнекпен безендірілген. Бағалау құжатына сәйкес, мүліктің құны 542 719 теңге деп белгіленген. Сатушы ретінде «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС көрсетілген. Нысан Астана қаласы, Нұра ауданы аумағында орналасқан.

Айта кетейік, аукциондағы бағаға қосымша 16% ҚҚС енгізіледі. Сонымен қатар, әлеуетті сатып алушыларға сауда басталғанға дейін тауарды қарап шығу мүмкіндігі берілген.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *