Қалаулымнан шыққан жұп: Танымал журналистің экс-әйелі күйеуінен көрген қорлығын ашып айтты

Жаңалықтар
view 32
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Қалаулым жобасынан шыққан жұп, Зарина Сапар экс-күйеуі Айдос Игіліковтен көрген қорлығын ашық айтты

«Қалаулым» жобасы арқылы танылған блогер, жайдарманшы Зарина Сапар бұрынғы күйеуі, танымал журналист Айдос Игіліковтен көрген қорлығы туралы бар шындықты жайып салды. Бұл туралы ол «Айтарым бар» подкастына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды janabastau.kz Skifnews.kz сілтеме жасап.

Заринаның айтуынша, отбасылық жанжал кезінде Айдос Игіліков оған дөрекілік танытып, күш қолданған.

«Ол бірнәрсе деп боқтады. Көтеріліп кетіп: “Боқтамаңыз” дедім. Ә, десе, мә, дейтіндей жауап қайтардым. Бірақ боқтап, жаман сөз айтқан жоқпын. Дауыс көтеріп қана жауап бердім. Ол бұған ұнамай артқа қарай итерді. Итерген кезде пісіріп жатқан бәліштерге құладым. Сол сәттен бастап сүйікті адамға бірдеңе істеп беруге ниетім кетіп қалды. Мен де орнымнан тұрып табақпен ұрдым. Дастархандағы пышақты алып, не мен, не сен өлесің деген ойым болды. Сол бір жағдайды айтып отырмын», — деді блогер.

Зарина сондай-ақ аяғы ауыр кезінде де зәбір көргенін жеткізді.

«Екі күн бұрын аяғым ауыр кезде ішіме отырып алып, басымды екі жаққа ұрды. Өзі біледі, еркек болса мойындайтын шығар», — деді ол.

Айта кетейік, Айдос Игіліков — белгілі журналист, бұған дейін Түркістан қаласындағы танымал телеарнада қызмет еткен.

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *