Қарағанды облысында қазақы тазылардың тұқымдық байқауы өтті

Жаңалықтар
view 37
news

Фото: Ресми ақпараттан

2026 жылғы 20 қыркүйекте Қарағанды облысының Кеншоқы ауылында «Қазақы тазы» тұқымдық байқауы өтті. Іс-шара Қазақстан кинологтар одағының өңірлердегі қазақы тазы басын зерттеу және иттердің шығу тегі туралы құжаттарды рәсімдеу жөніндегі жұмысы аясында ұйымдастырылды, деп JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Байқауға 57 қазақы тазы қатысты. Иттерге Наталья Дровосекова мен Анель Болгумбаева сараптамалық бағалау жүргізді. Қарау барысында мамандар иттердің тұқымдық типке сәйкестігін және экстерьерлік ерекшеліктерін бағалады. Байқау қорытындысы бойынша 34 итке шығу тегі туралы куәлік беріледі.

Тұқымдық байқау өңірде өсіріліп жатқан қазақы тазыларға кәсіби баға беруге мүмкіндік береді. Алынған нәтижелер ит басын есепке алуға, тұқым өкілдері туралы мәліметтерді толықтыруға және алдағы асылдандыру жұмысының бағыттарын айқындауға көмектеседі.

Қазақы тазыларды сақтау еліміздің барлық өңірінде жүйелі жұмыс жүргізуді қажет етеді. Өңірлік тұқымдық байқаулар иелері мен өсірушілерін осы жұмысқа тартуға және құжатталған ит басын көбейтуге мүмкіндік береді.

 

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *