Қарақат Әбілдина: «Инша Алла, орамалға келемін»
Фотосурет ашық дереккөзден
Танымал әнші жаңа жыл қарсаңында отбасымен бірге қажылық сапарға аттанған, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ
«Міндетті түрде орамалға келемін. Инша Алла! Сән үшін емес, саналы түрде келемін. Жаратушымның әмірі жүрегіме түскен кезде келемін. Бір киіп, бір шешетін орамал ойыншық емес! Талайларды көріп жүрміз, ондайлардың қатарынан болғым келмейді. Бұл әйел заты үшін өзекті тақырып, өте күрделі қадам. Әсіресе біз өмір сүріп жатқан қоғамда өте маңызды. Адам бірінші сырт келбетін бүтіндеуден бастамас бұрын, ішкі әлемін, руханиятын иман байлығымен толықтыруы керек! Саналы түрде дегеніміз – сол. Ілім, білім жинап, ақылмен шешім қабылдаса қайырлысы сол болмақ. Бұл – менің пікірім. Қате шығар мүмкін?! Мысқылдап жазған пікіріңізге қысқаша жауабым осы. Алла түзу, қайырлы жол берсін!», – деп жазды әнші.
Пікірлер (0)