«Қарғыс атқыр...»: Қанат Әлжапбаровтың тойда айтқан сөзі жұрттың ашуына тиді
Сурет: YouTube
Актер, әзілкеш Қанат Әлжапбаров тойға мобилограф ертіп баратындарды сынады, – деп хабарлайды janabastau.kz Aikyn.kz-ке сілтеме жасап.
Ол мобилографтардың тойдағы әрекетін ұнатпай қалған.
“Мына жердегі мобилографтар былай тұрыңдаршы, қарғыс атқыр. Халық көрсін, өтініш, кетіңдерші. Мобилографтардың егесі бар ма? Байлап қойыңдаршы. Мен түсінемін барлығына контент пен қаралым керек, сонда да әрі тұра тұрыңдаршы", – деп ашуланды шоумен.
Бұған әлеуметтік желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірі дөрекі сөйлегені дұрыс емес десе, енді бірі қолдау білдіріп, шындық екенін айтқан.
“Той иесінің қателігі”, “Тойға мобилограф алып барудың қажеті жоқ”, “Қарғыс атқыр деген лас сөз. Халық осылардың ауызынан шыққан лас сөздерге неге күле береді?", "Не сөйлеп, не қойғанын білмейді осылар. Қарғыс атқыр дегені несі?", "Қараңғы адам", "Жас ұл-қызға қарғыс атқыр деп неге айтады?", "Ол не сөз? Ұяты болса кешірім сұрайтын шығар", “Қазір мобилографтар толып кеткен. Қанат соны ғана жеткізді”, – деп жазды оқырмандар.
Пікірлер (0)