Қазақстан ашық популизмнен алшақ болуды жөн көреді - саясаттанушы

Жаңалықтар
view 37
news

Фотосурет: facebook.com/galym.baituk

Бүгінде Қазақстанның әлем алдындағы беделі жоғары. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың дипломатиядағы мол тәжірибесінің арқасында сыртқы саясаттағы орнымыз да әжептәуір айқындалған. Осы тұрғыда біз белгілі сарапшы, саясаттанушы Ғалым Байтұқпен аз-кем әңгімелестік, деп жазады JANABASTAU.KZ ақпарат тагенттігі.

– Ғалеке, 2025 жыл Қазақстанның сыртқы саясатында қандай негізгі нәтижелермен есте қалды?

– 2025 жылды Қазақстан үшін сыртқы саясаттағы серпінді кезең деуге толық негіз бар. Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев атап өткендей, бұл кезең стратегиялық серіктестіктерді нығайту, экономикалық дипломатияны дамыту және ұлттық мүдделерді халықаралық деңгейде ілгерілету тұрғысынан нәтижелі болды. Қазақстан көпвекторлы саясатын сақтай отырып, халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған бастамаларға белсенді қатысты.

– Мемлекет басшысының сыртқы саясаттағы ұстанымын қалай сипаттар едіңіз?

– Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сыртқы саясатта прагматизм мен теңгерімділік қағидатын ұстанып келеді. Оның айтуынша, Қазақстан жаһандық пікірталастарға белсенді қатысқанмен, ашық популизмнен алшақ болуды жөн көреді. Бұл – өте маңызды ұстаным. Сонымен қатар Президенттің Азия, Еуропа, Таяу Шығыс және АҚШ бағытындағы сапарлары еліміздің халықаралық беделінің артқанын көрсетті.

– Қазақстанның көлік-логистика саласына ерекше мән беруінің себебі неде?

– Бұл – стратегиялық таңдау. Қазақстан географиялық тұрғыдан Еуразияның дәл ортасында орналасқан. Мемлекет басшысы атап өткендей, ел аумағы арқылы 12 халықаралық көлік дәлізі өтеді. Соның ішінде «Бір белдеу, бір жол» бастамасы, Транскаспий халықаралық көлік бағыты және Солтүстік-Оңтүстік дәлізі ерекше маңызға ие. Қазақстан Сары теңізден Қара теңізге дейінгі логистикалық желіні қалыптастыру арқылы транзиттік хабқа айналуды көздеп отыр.

– 2025 жылғы маңызды халықаралық оқиғаларға тоқталсаңыз?

– Бірнеше ірі оқиғаны атап өтуге болады. Мысалы, Астанада өткен Орталық Азия-Қытай саммиті өңірлік ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтерді. Сонымен қатар Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі жаһандық дінаралық диалогты нығайтуға ықпал етті.

Екіжақты қарым-қатынастар да белсенді дамыды. Мәселен, АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесу аясында ірі экономикалық келісімдер жасалды. Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің сапары да стратегиялық әріптестікті тереңдетті.

Ал 2026 жылға қандай негізгі басымдықтар белгіленді?

– 2026 жылы Қазақстан экономикалық дипломатияны одан әрі күшейтуге, халықаралық әріптестікті кеңейтуге және көлік-логистика әлеуетін толық іске асыруға басымдық береді. Сонымен қатар саяси реформалар жалғасып, елдің институционалдық дамуы тереңдей түседі.

Жалпы алғанда, 2025 жылы қаланған негіз 2026 жылы нақты нәтижелерге ұласуға тиіс. Қазақстан алдағы онжылдықтарда өңірлік қана емес, жаһандық деңгейдегі маңызды ойыншыға айналуды көздеп отыр.

– Әңгімеңізге рақмет! 

Сұхбаттасқан Ерік ЕЛЕУСІЗ

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *