Қазақстан-Қытай арасындағы өткізу пункттері 21-23 наурызда жабылады
Жаңалықтар
82
Фотосурет: gov.kz
Қытаймен шекарадағы автомобиль өткізу пункттері 2024 жылдың 21-23 наурызы аралығында жұмыс істемейді, деп хабарлайды janabastau.kz.
Мемлекеттік кірістер комитеті, Қазақстан Республикасында «Наурыз мейрамын» мерекелеуге байланысты 2024 жылғы 21-23 наурызда қазақстан-қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктерінде тұлғаларды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайтынын хабарлайды.
Қазақстан-қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.
Пікірлер (0)