Қазақстанда «Әділетті қоғамға шыншыл сөз» атты кітап жарық көрді

Жаңалықтар
view 23
news
news

Фото ресми дереккөзден

Қазақстанда «Әділетті қоғамға шыншыл сөз» атты кітап жарық көрді. Жинаққа Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың таңдаулы ой-тұжырымдары мен қанатты сөздері енгізілген,- деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Басылым 1994 жылғы архивтік материалдардан бастап Мемлекет басшысының кейінгі жылдардағы сөйлеген сөздеріне дейінгі отыз жылдан астам кезеңді қамтиды. Кітапқа Президенттің Қазақстандағы және беделді халықаралық алаңдарда айтқан негізгі тезистері мен маңызды мәлімдемелері топтастырылған.

Кітап Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекет құру және қоғамды дамыту мәселелеріне қатысты көзқарастарының қалыптасуы мен сабақтастығын көрсетуге мүмкіндік береді. Әр жылдары айтылған ой-пікірлер Президенттің әділеттілік, заңдылық, жауапкершілік және ұлттық бірлік қағидаттарын өз сөзінде тұрақты түрде ұстанып келе жатқанын айқындайды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *