Қазақстанда халықаралық ақындар PEN клубының филиалы ашылды

Жаңалықтар
view 92
news

Ақық дереккөзден

Қазақстан Жазушылар кітапханасында Халықаралық ақындар ПЕН-клубының Қазақстандағы филиалының ресми ашылуына арналған салтанатты жиын өтті,  деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі. 

"Бейбітшілік, бостандық және идея" – әлем ақындарын біріктіретін ПЕН-клубтың ұраны. Бұл – сөз еркіндігін, ақынның ар-ұжданын, ой мен идеяның бостандығын қорғауға бағытталған халықаралық қозғалыс.

Тайландта өткен құрылтайда Халықаралық ПЕН-клубтың жарғысы қабылданып, жаңа филиалдың басқарма құрамы бекітілді. Жарғымен жиналыс барысында ақын, аудармашы, шығыстанушы ғалым Дүкен Мәсімханұлы таныстырып, ұйымның басты мақсат-міндеттері туралы баяндады.

Қазақстандық филиалдың төрағасы болып Дүкен Мәсімханұлы сайланды.

Орынбасары – ақын, журналист Бауыржан Жақып,

Хатшысы – ақын, философ, “ТҮРКСОЙ” ұйымы бас хатшысының кеңесшісі Мұратхан Шоқан болып бекітілді.

Төраға орынбасарлары қатарына Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, ақын Вячеслав Вавилин енді.

Басқарма құрамына мына қаламгерлер кірді:

Әділғазы Қайырбеков, Мұрат Шаймаран, Жарас Сәрсек, Ерлан Жүніс, Саят Қамшыгер, Бақытгүл Бабаш, Ербол Бейілхан, Айгүл Жұмаділ, Камиль Анварович Мамукадз, Дәулетбек Байтұрсын, Бауыржан Қарағызұлы. 

Жиын барысында Халықаралық ПЕН-клуб төрағасының орынбасары Хуан Ячжоудың арнайы құттықтау хаты оқылды. Сонымен қатар, Қырғызстан Ұлттық Жазушылар одағының жауапты хатшысы Ырысгүл Зият пен Өзбекстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, публицист Фахриддин Ҳайиттың видеоқұттықтаулары көрсетілді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *