Қазақстанда жаңа төлқұжат берілуде

Жаңалықтар
view 132
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Қазақстанда жаңа төлқұжаттар шығарыла бастады, деп хабарлайды janabastau.kz ақпарат агенттігі. 

Ішкі істер министрлігінің мәлімдеуінше, жаңа төлқұжатта барыстың суреті бар HDM-элемент енгізілген. Бұл элемент азаматтардың жеке деректерін қорғап, жалған төлқұжаттардың алдын алады.

«Бұрын берілген төлқұжаттар өз мерзімі өткенге дейін жарамды болып қала береді. Оларды міндетті түрде жаңа төлқұжатқа ауыстыру қажет емес. Жаңа элементі бар паспорт ескі паспорт мерзімі өткенде немесе азамат өз қалауы бойынша алынуы мүмкін», – делінген ІІМ хабарламасында.

Қазіргі таңда жаңа элементі бар төлқұжатты 5 мың азамат алған.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *