Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров жалған ақпаратқа түсініктеме берді

Жаңалықтар
view 84
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров желіде тараған өмірбаянына қатысты ақпаратқа жауап берді. Ол өзінің Назарбаевтар отбасының күзетшісі болғаны және бір жылда екі диплом алғаны туралы әңгімелердің шындыққа жанаспайтынын атап өтті, деп хабарлайды janabastau.kz ақпарат агенттігі. 

Журналисттің «Назарбаевтар отбасының күзетшісі болып істедіңіз бе?» деген сұрағына депутат қысқа қайырды: «Мен бұл сұраққа жүз рет жауап бердім. Бұл – жалған».

Сондай-ақ Назаров интернетте тараған бір жылда екі диплом алғаны туралы пікірлерге түсініктеме берді:
«Қаласа, тексере берсін – прокуратурада болсын, басқа органдарда болсын. Мен алдымен колледж бітірдім, содан кейін бакалавр дәрежесін алдым. Одан соң заң факультетін, кейін экономика мамандығын әртүрлі жылдары тәмамдадым», – деді ол.

Депутаттың айтуынша, ол 2009 жылы Қазақ қатынас жолдары университетінде бакалавриатты, 2011 жылы сол оқу орнында «Экономика» мамандығы бойынша магистратураны аяқтаған. Сол жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша да білім алған.

Назаров: «Яғни, бакалавриат – 2009 жылы, магистратура – 2011 жылы, сонымен қатар қатарлас заңгерлік білім алдым», – деп нақтылады.

Жалған ақпарат таратқандарға қарсы сотқа шағымдану жоспары туралы сұраққа депутат: «Жоқ, болмайды. Маған ол қажет емес. Өзгенің ісіне мұрын тыға беретіндер – тыға берсін», – деп жауап берді.

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *