Алимент дауы: Әуелбекова бұрынғы жұбайларын сынға алды

Жаңалықтар
view 337
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Әнші Мөлдір Әуелбекова алимент мәселесіне қатысты үндеу жасады, деп хабарлайды janabastau.kz ақпарат агенттігі. 

Әнші Мөлдір Әуелбекова ұлы мен қызының әкесіне үндеу жасап, алимент төлемей қашатын ата-аналарға қатысты пікір білдірді. Өнер иесінің айтуынша, «нағыз ер азамат алиментсіз-ақ перзентіне қамқор болады». Ол сондай-ақ, «бір тиын ақшасын немесе бір минут уақытын баласына қия алмаған еркексымақтар» туралы айтты.

Мөлдір Әуелбекова жеке өміріндегі қиындықтарға да тоқталды. Айтуынша, екінші некесі ұзаққа бармаған: қызына сегіз айлық аяғы ауыр кезінде кетуге мәжбүр болған. Кейін ол жұбайы туралы ақпараттың дұрыс еместігін біліп, оның төртінші әйелі болғанын түсінген. Осы жағдайдан кейін әнші ұлымен жалғыз қалғанын және бұл тәжірибенің психологиялық ауыр соққы болғанын атап өтті.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *