Қазақстандық студенттер III Түркі универсиадасында 23 медаль жеңіп алды

Жаңалықтар
view 42
news
news
news
news
news
news
news
news

Фотосурет: gov.kz

3-9 қыркүйек аралығында Қырғыз Республикасының Чолпон-Ата қаласында жоғары оқу орындарының студенттері арасында III Түркі универсиадасы өтті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Универсиадаға Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің студент-спортшылары қатысты. Атап айтқанда, олар Қазақстан Республикасы, Әзербайжан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Түркия Республикасы және Өзбекстан Республикасының спортшылары. Жарыс волейбол, футзал, үстел теннисі, шахмат, дзюдо, еркін күрес және грек-рим күресі сияқты 7 спорт түрі бойынша өткен болатын.

III Түркі универсиадасына барлығы 5 елден 450 делегат қатысса, Қазақстан құрамасын 15 жоғары оқу орнынан келген 66 спортшы таныстырды. Олар барлық 7 спорт түрінен бақ сынады.

Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық студенттер 8 алтын, 4 күміс және 11 қола  жалпы саны 23 медаль иеленді.

Енді келесі IV Түркі универсиадасы 2027 жылы Түркия Республикасында өтеді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *