Алматылық жігіт талтүсте қыздың жыныс мүшесіне қол жүгіртті (ВИДЕО)
Фотосурет: видеодан скриншот
Алматыда белгісіз ер адам бойжеткеннің артынан аңдып, кейін оның жыныс мүшесін ұстаған. Қыз жұртшылықтан сол адамды тауып, жазаға тартуға көмектесуін сұрады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Todayinfo.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға күндіз Түрксіб ауданында болған.
8 қыркүйекте маған азғындық жасалды. Ол азғын менің артымнан келе жатып, кейін есікке жақындағанымда итеріп, интимді жерімнен ұстады. Егер сіздер оны танысаңыздар, хабарлауыңызды өтінемін. Осы видеоны тек өзіңізді ғана емес, туыстарыңызды да қорғау үшін таратуларыңызды сұраймын. Бұл – менің артымнан аңдыған есалаң. Мен оны тауып, жазасын беремін, – деп жазылған хабарламада.
Полиция департаменті бұл факті бойынша тексеру Түрксіб ауданының полиция басқармасымен бірге жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Фигурант пен объективті мән-жайлар анықталып, заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады, – деп атап өтті ведомство.
Пікірлер (0)