Қазақстандық теннисшілер «Ролан Гаррос» турнирінің ширек финалына шықты
Сурет: Ашық дереккөзден
Алматыдағы Gorky Tennis Park корттарында Roland Garros Junior Series by Renault – Qualifications West and Central Asia іріктеу турнирі жалғасуда, деп хабарлады JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Elordainfo.kz-ке сілтеме жасап.
Жарыс Қазақстан теннис федерациясы мен Азия теннис федерациясының қолдауымен өтіп жатыр.
Қазақстан атынан қатысып жатқан жас теннисшілер – Родион Трайгель, Аңсар Ниетқалиев, Мансұр Саинов, Еркежан Жанатаева, Каролина Лигай, Алисса Королева, Гаухар Ақтан және Адия Омарбек өз топтарында екі ойында жеңіске жетіп, ширек финалға мерзімінен бұрын жолдама алды.
Айта кетейік, бүгін топтық кезеңнің соңғы матчтары өтеді. Оның қорытындысы бойынша ширек финалға жолдама алған барлық ойыншылар белгілі болады.
Пікірлер (0)