«Демократиялық дамудың жемісі»: Сарапшы Құрылтай сайлауы туралы

Жаңалықтар
view 44
news

Фотосурет: дереккөз

«Қазақстандағы саяси науқанның сайлау заңнамасына сай өткізілетіні – елдегі демократиялық дамудың жемісі». Брюссельдегі «Дипломатиялық әлем» басылымының жоба жетекшісі Альберто Тюркстра осылай дейді, деп жазады JANABASTAU.KZ.

Сарапшының пайымынша, Конституцияда көрсетілген пропорциялы өкілдік жүйе негізінде конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайлау партиялардың рөлін күшейтіп, қоғам алдындағы жауапкершілігін арттырады. Бұған дейін Қазақстандағы Президенттік, Парламенттік сайлауға қатысқан Альберто Тюркстра 23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауына да байқаушы ретінде қатысудан үмітті.

Альберто Тюркстра, «Дипломатиялық әлем» басылымының жоба жетекшісі, Орталық Азия елдері бойынша тәуелсіз сарапшы:

Тың өзгерістер елдеріңіз үшін ғана емес, Қазақстан мен Еуропалық Одақ қатынасы үшін де өте маңызды. Әрі Қазақстанның инвесторлар үшін тартымдылығын арттыруға әсер етері сөзсіз. Барлық 145 орын партиялық тізім негізінде тікелей сайланады. Бұл елдің институционалдық құрылымындағы саяси партиялардың маңыздылығын арттырады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *