Қазіргі қазақ романының жаңа толқыны: финалға 7 автор өтті
Фотосурет ашық дереккөзден
Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылған «Қазіргі заманғы қазақ романы» әдеби байқауының шешуші кезеңіне жеті жазушы өтті. Бұл туралы байқаудың ұйымдастырушылары хабарлады, деп жазды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Жобаның демеушісі – ERG компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Шухрат Алиджанұлы Ибрагимов. Конкурс екі кезеңнен тұрып, сайт арқылы 220 жоба қабылданған. Оның ішінде техникалық талапқа сай келмейтін және мазмұндық деңгейі төмен жобалар іріктеуден өтпеген.
Сарапшылардың дауыс беруі нәтижесінде бас жүлдеге үміткерлер төмендегідей:

✓ Думан Рамазан – «Сынақ»
✓ Жүсіпбек Қорғасбек – «Кельндегі көкжал»
✓ Қуаныш Жиенбай – «Аралқұмдағы ақырғы аялдама»
✓ Нұржан Қуантайұлы – «Опасыз ойын»
✓ Асқар Алтай – «Каскад»
✓ Мұрат Алмасбек – «Бруклин көпірі»
✓ Қуат Бораш – «Тәубе»
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, үш жоба барлық сарапшыдан қолдау алса, екі жоба үштен екі дауыспен өткен. Ал қосымша екі үміткерді қосуға демеуші тарап қосымша қаражат бөлуге келіскен.
Ендігі кезең — роман жазу. Авторлар байқау аясында толыққанды прозалық шығармаларын ұсынуға тиіс. Жеңімпаздар алдағы уақытта белгілі болады.
Пікірлер (0)