ҚазҰУ-дың екінші курс студенті өз-өзіне қол жұмсады

Жаңалықтар
view 113
news

Сурет: Ашық дереккөзден

 Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 2-курс студенті қайғылы жағдайда қаза тапты, деп хабарлайды janabastau.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Марқұм Биология және биотехнология факультетінде «Нейроғылым» мамандығы бойынша білім алған. Ол Қарағандыдан Алматыға келіп, №14 жатақханада тұрған. Алдын ала мәліметке сәйкес, студент бір күн бұрын жоғалып кеткен. Кейінірек оның денесі таудан табылды.

Айта кетейік, бұл ҚазҰУ студенттері арасында тіркелген алғашқы суицид оқиғасы емес. Бұған дейін, шілде айында, шығыстану факультетінің 1-курс студенті ректораттың 14-қабатынан секіріп, өз-өзіне қол жұмсаған болатын.

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *