Су бермегені үшін қарияның өмірі қиылды

Жаңалықтар
view 88
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Сарыағашта қарияны балтамен өлтірген ер адам психиатриялық клиникаға жіберілді, деп хабарлайды janabastau.kz ақпарат агенттігі .

Түркістан облысының Сарыағаш ауданында ауыр қылмыс тіркелді. 39 жастағы шетелдік азамат тұрмыстық жанжал кезінде 75 жастағы қарияға балтамен шабуылдап, оның өліміне себеп болды. Қанды оқиғаға зейнеткердің су беруден бас тартуы түрткі болған.

Қылмыскер оқиғадан кейін полицияға өзі хабарласқан. Сот-медициналық сараптама оның ақыл-есі дұрыс емес екенін анықтап, сот бас бостандығынан айырудың орнына мамандандырылған психиатриялық клиникаға мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы шешім шығарды.

Алайда марқұмның туыстары сот үкімімен келіспей, апелляциялық шағым түсірген. Жақын күндері іс қайта қаралмақ.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *