ҚМДБ мас күйде ұсталған Қостанайдың бас имамына қатысты мәлімдеме жасады

Жаңалықтар
view 1168
news

Сурет: Фотоколлаж ulysmedia.kz

ҚМДБ дін қызметкеріне лайықсыз әрекет жасаған Бахытбек Тәжімбетті Қостанай облысының бас имамы қызметінен босатты, деп хабарлайды janabastau.kz.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қостанай облысының имамы Бахытбек Тәжімбеттің мас күйде ұсталып, 15 тәулік қамауға алынуына қатысты мәлімдеме жасады.

Әлеуметтік желілерде Қостанай облысының имамы Бахытбек Тәжімбеттің автокөлігін масаң күйде жүргізіп, жол ережесін бұзғаны туралы ақпарат тараған болатын. Оқиға осы жылдың 23 шілдесінде Ақмола облысының Бурабай кентінде орын алған.

«Діни басқарманың қызмет жүйесінде заң нормаларын және дін қызметкері этикасын өрескел бұзатын жеке тұлғалардың діни салада жұмыс істеуіне моральдық тұрғыдан құқығы жоқ. ҚМДБ дін қызметкеріне лайықсыз әрекет жасаған Бахытбек Тәжімбетті Қостанай облысының бас имамы қызметінен босатты. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы болған оқиғаны үлкен өкінішпен қабылдап, еліміздегі мұсылман жамағатынан кешірім сұрайды. Алла Тағала баршамызды жамандық пен өкінішті істерге жетелейтін нәпсі қалауының кесірінен сақтағай», – дейді ҚМДБ.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *